Садыр Берік | өмірбаяны

0

Садыр Берік 1954 жылы 20 маусымда Алматы облысының Нарынқол ауданында туған. 1977 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын Нарынқол ауданындығы «Қызыл шекара» орта мектебінде мұғалім болып бастап, кейін республикалық «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде (1978–1982) тілші, «Қазақ әдебиеті» газетінде (1982–1987) аға тілші, «Ара—Шмель» журналында (1987–1990) техредактор, фельетонист, «Ұлан» газетінде (1990–1994) жауапты хатшы болып жұмыс істеді. Қазір «Егемен Қазақстан» газетінде аға тілші.

«Не десем екен?!» атты сатиралық тұңғыш кітабы «Жалын» баспасынан 1987 жылы жарық көрді, «Арман қанатында» («Жалын», 1984), «Кеш жарық» («Өнер», 1989), «О несі-ай?!» («Жазушы», 1991), «Қосымша ми» («Елорда», 2002) атты әзіл әңгімелер кітабы, «Бірде…», «Күлкі әлемінің күлкісі» («Аударма», 2003) атты аударма кітапшалары бар.

Республикалық Журналистер одағының Ж.Алтайбаев атындағы сыйлығының иегері және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері.

 

Қайнар көз: http://writers.kz