Садықбек Адамбеков | өмірбаяны

0

Садықбек Адамбеков (1922–2002) — 15 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Қараспан ауылында туған. Қызылорда пединститутында дәріс алғаннан кейін, 1945–1968 жж. жазушыжурналистік қаламын «Оңтүстік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде және қазіргі «Жұлдыз», «АраШмель» журналында қызмет атқара жүріп ұштайды. Қазақ сатирасы саласында өзіндік орны бөлек. «Қожанасыр қақпасы» (1959), «Көсенің көзі» (1961), «Аюбайдың ажалы» (1981) сияқты сықақ жинақтарын берді. Әдебиетімізге тұңғыш рет «Атылған қыз» (1969) атты романсатира әкелді. Жекелеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған. 1982 жылы шығармаларының екі томдығы жарық көрген.