Сабыр Шарипов | өмірбаяны

0

Сабыр Шарипов (1880–1942)

Вятка губерниясының Елебежский уезіндегі Варгей селосында туған. Жастай жетім қалып, бай мен құлақтың жалшысы болған. 

1988–1903 жж. Павлодар ауыл шаруашылығы мектебінде оқыған. Одан кейін ауылда мұғалім, Ақмола облыстық тілмашы болған. Көкшетау, Атбасар, Омбы, Қызылжар қалаларында революциялық жұмыстар жүргізген. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарынан-ақ жауапты қызметте болған. Атбасар уездік атқару комитетінің төрағасы, БОАК-тің Түркістан істері жөніндегі комиссия мүшесі, Ақмола губерниялық атқару комитетінің төрағасы, «Эмбанефть» комбинатының директоры, Иранда сауда төрағасы, Қазақстан КП Орталық Комитеті жанындағы тарих институтының ғылыми қызметкері секілді жауапты қызметтер атқарған.

Өзінің мемлекеттік қайраткерлігі ісін жазушылық жұмыспен ұштастырған. 

Шығармалары: Мұнай. Ғылыми-көпшілік очерк. А., ҚМКӘБ, 1930; Атбасар. Повесть. А., ҚМБМ, 1938; Бекболат. Повесть. А., ҚМБМ,1940; Рузи Иран. Иран жайлы кітап. А., Шығармаларының екі томдығы. А., «Жазушы», 1982.