Сәбит Досанов | өмірбаяны
Сәбит Досанов 1940 жылы 12 қаңтарда Қостанай облысы, Аманкелді ауданының Байғабыл ауылында туған.
1985–1989 жж. КСРО әдебиет қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, 1991–1995 жж Республикалық Халық шығармашылығы және мәдени қызмет көрсету орталығының Бас директоры, 1996–1997 жж. мемлекеттік «Қайнар» баспасының Бас редакторы болып істеді. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында ұстаздық қызмет атқарған. Африкадағы Дүнду, Қазақстандағы Қостанай қалаларының, Ақсуат, Аманкелді аудандарының құрметті азаматы. Көптеген роман, повесть, әңгімелердің авторы. «Қайырлы таң», «Жанр тағдыры», «Сексен бестің көктемі», «Адаспаңдар, адамдар», «Тотем под чадрой», «Тензор степного кургана» атты кітаптары бар.
1998 жылы мемлекеттік «Санат» баспасынан қазақ тілінде, ал 2003 жылы Мәскеудің «Советский писатель» баспасынан орыс тілінде «Жиырмасыншы ғасыр» романы жарық көрді. 2002 жылы «Советский писатель» баспасынан таңдамалы шығармаларының бір томдығы жарыққа шықты. «Дауыл», «Ертең бюро» атты драмалары М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында, Атырау, Жезқазған, Семей, Тараз, Бішкек қалалары сахналарында қойылды.
ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы, М.Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Ресей педагогика және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.
Шығармалары: Қайырлы таң. Очерктер мен әңгімелер жинағы. «Қазақстан»,1966; Соны іздер. Монография. А., «Жазушы», 1970; Қыран қалғымайды. Повестер жинағы. А., «Жазушы», 1971; Тау жолы. Роман. А., «Жазушы», 1978; Екінші өмір. Роман. А., «Жазушы», 1981; Қазына. Монография. А., «Жазушы», 1984; Жүректің отын сөндірме. Монография. А., «Өнер», 1998; Горная дорога. Роман. М., «Советский писатель», 1981; Адаспаңдар, адамдар. Деректі проза. А., «Дәуір», 1999; Жиырмасыншы ғасыр. Роман. А., «Санат», 1998; Белая аруана. Повесть. «Стилистика», 1998; Жиырмасыншы ғасыр. Роман. А., «Санат». 1998; Вторая жизнь. Роман, повесть. М., «Советкий писатель», 2001; Аптаның сегізінші күні. Роман, повесть, пьеса. А., «Елорда», 2003; Двадцатый век. Роман. М., «Советский писатель», 2003; Қылбұрау. Роман. А., «Атамұра», 2003;