Сәбетқазы Ақатай | өмірбаяны

0
193

Сәбетқазы Ақатай (1938–2003) – 11 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында туған.

1969 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 

1974 жылға дейін Алматы шет тілдер институтында ұстаздық қызметте болды. 

1988 жылы Ықылас атындағы Ұлтаспаптар мұражайының директоры қызметінде жүріп, қоғамымыздың мәденисаяси өміріне белсене араласты. 

1970 жылдардың басында Мәскеуде «Жас тұлпар» атты қазақ жастар ұйымының құрамында студенттер кеңесін басқарды. «Азат» қозғалысының алғашқы тең төрағаларының бірі болған. «Тереңнен тартқан тамырлар», «Күн мен көлеңке», «Інжумаржан», «Древние культы и традиционная культура казахского народа», «Қазақ халқының синкреттік дүниетанымы», т.б. көптеген ғылыми еңбектер, публицистикалық мақалалар жазған. 

Философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.