Рза Қунақова | өмірбаяны
Рза Қунақова (1937–1993). 14 желтоқсанда Жамбыл облысының Красногор ауданындағы Бірлік ауылында туған. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бастап, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеті мен «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында, 1978 жылдан өмірінің ақырына дейін «Қазақстан әйелдері» журналында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болып қызмет істеді. «Менің достарым» атты өлеңдер жинағы орыс тілінде 1983 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрді.
Шығармалары: Сурет. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1963; Жас жүректер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965; Жәннат жер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967; Керімсал. Өлеңдер. А., «Жазушы»,1971; Ерке елік. Өлеңдер. А., «Жалын», 1973; Ол он жетіде еді. Очерк. А., «Жалын», 1975; Кемпірқосақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1977; Келеді көктем. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979; Аққулы жаз. Өлеңдер. А., «Жалын», 1982; Менің достарым. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1983; Қызыл жалау. Өлеңдер. А., «Жалын», 1985; Сырымды айтам. Өлеңдер. А., 2000.