Рүстем Жанаев | өмірбаяны

0

 

Жанаев Рүстем (1944–2008) — 2 мамырда Қызылорда облысы, Қазалы ауданының Калинин ауыл кеңесінде дүниеге келген. 

 

1967 жылы ҚазПИдің филология факультетін бітірген соң, мұғалім, партия, совет, кәсіподақ комитетінде жауапты жұмыстар атқарды.

 

«Жас керуен» ұжымдық жинағына енген. «Мәуелі махаббат», «Бақыт босағасы», «Мезгіл мақамдары», «Сағынып кеттім мен сені», «Әйелдердің көз жасымен ойнама» секілді жыр жинақтарының және «Жанайқай» повестер мен әңгімелер жинағының авторы.