Руфь Тамарина (Р. Морозова) | өмірбаяны

0
64

Руфь Тамарина (Р. Морозова) (1921–1995) 14 маусымда Украин КСР-інің Николаев қаласында туған.

Ұлы Отан соғысына қатысқан. М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. Кітапханашы, «Қазақфильм» киностудиясының сценарлық бөлімінде редактор, «Казахстанская правда», «Огни Алатау» газеттерінде әдеби қызметкер боп жұмыс істеген. М.Ю.Лермонтов атындағы республикалық драма театры әдеби бөлімінің меңгерушісі болған.

Бірнеше жыр жинақтарының, қазіргі қазақ ақындарынан жасалған аудармалардың авторы.

«1914–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің ХХХ жылдығы», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.

Шығармалары: Жизнь обычная. Стихи. А., Казгослитиздат, 1962; Новые стихи. А., «Жазушы», 1965; В ливнях и грозах. Стихи. А., «Жазушы», 1968; Зеленый ветер. Стихи. А., «Жазушы», 1971; Весна, лето, осень… Стихи. А., «Жазушы», 1975; Надежда. Стихи. А., «Жазушы», 1979; Жизнь обычная. Стихи. А., «Жазушы», 1981; Простые истины. Стихи. А., «Жазушы», 1985.