Раушанбек Бектібаев | өмірбаяны

0
97

Раушанбек Бектібаев (1950–2002) – 27 қаңтарда Қызылорда облысының Жосалы стансасында дүниеге келген. 1973 жылы Қазақ химиятехнология институтын бітірген.

1975–1992 жж. КСРО Мелиорация және су шаруашылығы министрлігі саласында қызмет атқарды. Сол жылдары Арал теңізінің болашағы жайлы проблемалық мақалалары республикалық баспасөздерде жиі жарияланып тұрды.

1993 жылы Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетінің жалпы бөлімінде қызмет істеді. 1995 жылдан Қазақстан Республикасы Парламентінің Баспасөз қызметінде сектор меңгерушісі болып еңбек етті.

«Нейтроит» (1985), «Ионосферадағы алаң». (1988), «Происшествие в день отдыха» (1992), «Қайта оралған Қорқыт ата» (1998 жылы түрік тіліне аударылды) атты бірнеше фантастикалық кітаптары шыққан.