Расул Ғамзатов | өмірбаяны

0

Расул Ғамзатов – 1923 жылы 8 қыркүйекте Дағыстанның Хунзах ауданында  дүниеге келген. Белгілі авар ақыны, Дағыстанның халық ақыны. Расул Ғамзатов жырлары қазақ жұртшылығына да жақсы таныс. «Жарық жұлдыздар», «Менің Дағыстаным» кітаптары әр қазақтың төрінде тұр. «Тау қызы» театр сахнасында қойылды. «Менің атам» — бүлдіршіндердің сүйіктісі болды. Шығармалары 1937 жылдан жариялана бастаған. «Біздің таулар», «Атамекен», «Туған жылым», «Ағаға арнау», «Дағыстан көктемі», «Жарық жұлдыздар», «Соңғы баға» жыр жинақтарында, «Әкемен тілдесу», «Тау қызы», «Ананы аялаңдар» поэмаларында туған жердің сұлулығын, халық даналығын, ұлттық дәстүр ерекшелігін сүйіспеншілікпен жырлаған. «Жарық жұлдыздар», «Менің атам», «Тырналар» атты поэмалар мен өлеңдер жинағы, «Менің Дағыстаным» повесі қазақ тілінде жарық көрген. Қаламгер 2003 жылы дүниеден өтті.