Рақметжан Малабаев | өмірбаяны

0

Рақметжан Малабаев (1884–1960) Орал губерниясы, Калмыков уезінің Жақсыбай болысындағы №7 ауылда дүниеге келді. 

1910 жылы мұғалімдерді даярлайтын Орынбор мектебін бітірген. Ұзақ жылдар мұғалім болып істеген. Өлеңдері мен публицистикалық мақалалары «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде басылған. Қазан төңкерісінен кейін жаңа мәдениеттің іргесін қалауға белсене араласты. 

1922 жылы «Тура тиген қарғыс» атты үш актілі комедиясы жарық көрді. Сондай-ақ «Ошақ тұтқыны», «Надандық құрбаны», «Шариғат күні» сынды бір актілі пьесалары бар. «Аштықтың құрбаны» атты повесі 1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналында жарияланған. 

1934 жылы Ташкентте «Атамандар жорығы» атты әңгімелер жинағы жарық көрді.