Құлахмет Қожықов | өмірбаяны
Құлахмет Қоңырқожаұлы Қожықов (22.11.1914 жылы туған, қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданы — 1986 жылы қайтыс болды) — қазақтың тұңғыш театр суретшісі, график, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1966), 1934-36 жылы Ленинградтың М.Горький атындағы Үлкен театры жанындағы көркемсурет студиясында (В.М.Ходасобич, А.Г.Тышлер, М.З.Левиннен) оқыды. 1932-1934 жылдары Қазақтың драма театрында, 1943-50 жылдары «Қазақфильмде» суретші болды. 1950-1955 жылдары «Жазушы» баспасында бас суретші. 1970—1973 жылдары Қолөнері мұражайының директоры қызметін атқарды. 1958 жылы ғылыми көпшілік «Қазақ қолөнер шеберлері» фильмін қойды. Көптеген спектакль (Әуезовтің «Еңлік-Кебегі», Майлиннің «Талтаңбайдың тәртібі», Шекспирдің «Отеллосы» т.б.), опера (Жұбанов пен Хамидидің «Абайы») мен фильмдердің («Жамбыл», «Біз Жетісуданбыз». «Атамекен») декорация эскизі мен киім-кешек үлгілерін жасады. Кітап көркемдеу ісімен шұғылданды.