Құлахмет Ғабиден | өмірбаяны
Құлахмет Ғабиден 1955 жылы 14 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Шолпан ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1976), МәскеудегіМ.Горький атындағы Әдебиет институтының Жоғары курсын бітірген (1989). Еңбекжолын 1976 жылы «Жалын» баспасында редактор болып бастаған. 1987 жылға дейінҚазақ КСР баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттіккомитетінде, Қазақ теледидарында жауапты қызметтер атқарған. 1989 жылы Алматықалалық кеңесіне депутат болып сайланды. 1990-1992 жж. Қазақстан Жазушылародағында, Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамында, әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың«Қазақ әдебиеті тарихы» кафедрасының ғылыми тобында жұмыс істейді.{mospagebreak} 1990-1995жж. «Қазақ жастары және бизнес» бейресми орталығында Бас үйлестіруші болыпқоғамдық қызмет атқарады. 1996-2001 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасытөрағасының орынбасары болды. Алғашқы өлеңдері 1966 жылдан республикалықбаспасөз беттерінде, топтамалары «Жыл он екі ай» (1969), «Көктем тынысы» (1975)жинақтарында жарияланған. 1979 жылы Мәскеу қаласында өткен жасақын-жазушылардың Бүкілодақтық VII кеңесіне қатысқан. «Көзімнің қарасы» (1978),«Ақ бастау» (1980) жыр жинақтары мен «Үйірі жоқ көкжал» романы (2001), «Көлтүбіне кеткен ел» (1989), «Ұрпағың үзілмесін» (1991), «Ердің сыны» (1994),«Серінің соңғы сәлемі» (1998) хикаяларының авторы. Шығармаларыорыс, поляк, монғол, шешен, украин, белорус тілдерінде жарық көрген. Республикалық«Жалын» баспасы ұйымдастырған жабық бәйгенің екі дүркін жүлдегері. Халықаралық«Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.