Құдиярбек Ағыбаев | өмірбаяны
Ағыбаев Құдиярбек (07.11. 1952 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйідібек ауданы, Алмалы аулы) — pадиожурналист, оқытушы. [1].ҚазМУ-ді бітірген (1976 жыл). 1970-80 жылдары республикалық «Еңбек таңы» — «Заря труда» журналында бөлім меңгерушісі, Парламенттің «Халықкеңесі» газетінде аға тілші, 1987-2001 жылдары Қазақ радиосында редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі, бас редактор, Бас директордың бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2002 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында ұстаздық қызметте доцент. Қазақ радиосында еңбеқ еткен жылдары «Қайта оралған дауыстар», «Жетісудың қайта оралған күйлері-ай», «Домбыра — дастан», «Асыл мұра», «Ел қорғаған ер баба», т.б. музыкалық және танымдық радиохабарларын жасады. Республикамыздың астықты өңірлерінде, экономикалық аймақтарда сан мәрте іссапарларда болып,еліміз тәуелсіздігінің жаңа орныға бастаған қезеңінде зиялы қауым өкілдерімен, қоғам қайраткерлерімен, сондай-ақ еңбеқ адамдарымен жүздесіп, проблемалық тақырыптарға хабарлар әзірледі. 1971 жылдан бастап студент-жастарға арналған «Гүлдәурен» радиожурналының, «Бүгінгі күн тақырыбына» және «Түркістан» радиохабарының тұрақты редақторы, әрі жүргізушісі болды. Республикалық радиода алғашқы болып, тікелей эфирге шыққан ақпараттық-сараптамалық «Тәулік тынысы» — «Панорама дня» хабарының қалыптасуына атсалысты. 1990 жылы Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсылтан Назарбаевпен болған алғашқы радиосұхбатты жүргізді. Еліміздегі демократиялық жаңару мен нарықтық реформалардың жүзеге асуына өз үлесін қосты. Республикалық телерадио «Алтын қорында» сақталған, эфирден жиі орындалып жүрген 30-дан астам әндерін «Түнгі Алматы», «Жүрегім-жүрегімде», «Ана тілім», «Төгеді жаңбыр», «Қалай жүрсің сағынбай», «Түркістан», «Махаббат көктемі», «Балағашық», «Ақ кимешек көрінсе», «Қазығым алтын-қарттарым», т.б. белгілі опера әншісі Б.Бөкенов, эстрада жұлдыздары Лаки Кесоглы, С.Нұрмағанбетова, С.Стамғазиева, М.Түсіпбаева, Б.Есенәлиев, Е.Шақеев, Н.Әлқожаева, қ.Сыздықова, Қ. Әлімғазыұлы т.б. орындайды. 2001 жылы Оңтүстік Кореяның «LG» компаниясы шығарған «караоке» ән дискісіне 20 әні енді. Ол қазақ ән өнерін насихаттайтын «Қазақ музыкасының інжу-маржандары» (Қазақ радиосының АЛТЫН қорынан, 2001 жыл) CD дискісінің жарыққа шығуына жетекшіліқ етті. «Қазақстаным — қара шаңырағым» атты республикалық ақындар радиомүшәйрасын, «Балақай» музыкалық радиофестивалін ұйымдастырды. Республикалық «Үкілім-ай» телеқонкурсының, «Балақай» радиофестивалінің, «Түркістаным -Тұраным», «Жаңа ғасырға — жаңа ән» республикалық конкурстарының жүлдегері.Бұқаралық ақпарат құралдарының даму проблемалары туралы жазған: «Электронды бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа көкжиегі», «Қазақстан медиа-қеңістігі: дамудың жаңа қезеңінде», «Қазақ радиосы — ұлттық рухтың көшбасшысы», «Редакторлық шеберлік негіздері» деп аталатын оқу құралдары, «Үзілмеген үміт» повестер мен әңгімелер, өлеңдер жинағы жарық көрді (2007 жыл). Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Қазақ радиосының үздігі», «Еңбеқ ардагері» белгісінің иегері. Қазақстан Журналистер одағының, Қазақстан Авторлар қоғамының мүшесі.