Қуаныш Жиенбай | өмірбаяны
Қуаныш Жиенбай 1952 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылында дүниеге келген. 1976 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. «Жас Алаш», «Жетісу», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі» газеттерінде, «ТаңШолпан» журналында қызмет істеген. Қазір «НұрАстана» газеті бас редакторының орынбасары. Шығармалары бірнеше тілге аударылған. «Жалын» баспасы жариялаған жабық бәйгенің бірнеше мәрте жүлдегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Республикалық «АстанаБәйтерек» әдеби шығармалар бәйгесінің бас жүлдегері.
Шығармалары: Жалғыз желкен. Әңгімелер. А., «Жалын», 1984; Теңіздегі бір тамшы. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1986; Құлан жанарындағы ғұмыр. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1988; «Жизнь в глазах кулана». Повестер мен әңгімелер. А., «Балауса», 1992; «Жер сілкінісінен бір жұма бұрын». Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1996; Қателесесің, қымбаттым…. 2004. Елде жоқ ережелер. А., 2006; Жиделі тоғайдағы жеті күн. А., 2007; Сырдария сериясымен жарық көрген екі томдық шығармалар жинағы. 2008; Ән салуға әлі ерте. 2008;