Қуаныш Сұлтанов | өмірбаяны

0

Қуаныш Сұлтанов1945 жылы 12 мамырда Талдықорған облысы Панфилов ауданының Еңбекші ауылында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1972) журналист мамандығы бойынша; КОКП ОКжанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын (1986) бітірген. Саяси ғылымдардың кандидаты (1996), докторы (2001). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстандағы және Қытайдағы реформалардың ерекшеліктері: салыстырмалы талдау». ҚР Саяси ғылымдар академиясының академигі (1997). ҚХР ҚҒА, Қарағанды мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының про- фессоры (2003 жылдан).

«Қарлығаштар» (1976), «Жастардың аяқ алысы» (1981), «Қазақстан комсомолы» (1982), «Уақытпен бетпе-бет» (1995). «Қазақстан-Қытай: тарих және қазіргі заман» (1995), «Қазақстан-Қытай: құжаттар мен материалдар жинағы» (1997), «Алыптың оянуы (қытай реформасы туралы очерктер)» (1999) кітаптарының авторы, «Қазақстан мен Қытайдағы реформалар. Ерекшеліктері. Ұқсастығы. Айырмашылықтары. Жетістіктері. Мәселелері» (2000), Қазақстан Республикасы мен Қытай халық Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым — қатынастардың орнағанына 10 жыл толуы құрметіне орай жазылған «Тату көршілік. Добрососедство» (Астана-Пекин, 2001), «Мүдделер қиылысы. Перекресток интересов» (2003) монографияларының, «Қазіргі заманғы саяси процестер» (2004) атты оқу құралыныңтең авторы, «Серпінді кезең» (2005) кітабының, сондай-ақ 200-ден аса мақала мен жарияланымдардың авторы.