Қуаныш Ахметов | өмірбаяны
Қуаныш Ахметов (1946–2008) — 6 қыркүйекте Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында туған.
1965 жылы Алматы индустриальдық техникумын, 1973 жылы Ленинград (СанктПетербург) политехникалық институтын бітірген.
1991 жылға дейін өз мамандығы бойынша Ленинградта, Алматыда, Жезқазғанда өндірісте басшылық қызметтер атқарған.
1991 жылдан бері республикалық баспасөзде қызмет істеген.
Тұңғыш өлеңі «Біздің ат» (1959), «Қазақстан пионері» газетінде жарияланған. «Қарлығаш», «Жетіген» (1981, 1984), «Қос арна» (1999), «Көзайым» (2004) атты жыр жинақтары, «Ұлы даланың Ұлытауы» (Ітом, 1999, ІІтом, 2001), «Кенесары хан Ұлытау өңірінде» (2002) атты деректі проза, тарихи танымдық, публицистикалық кітаптары жарық көрген. Бұлардан басқа аударма (поэзия) саласында жарық көрген кітаптары бар. Жекелген шығармалары ұжымдық жинақтарға енген.
Қаламгерлік еңбектері үшін Қазақстан Журналистер одағының С.Ерубаев атындағы сыйлығына (1996), Кенесары хан атындағы республикалық сыйлыққа (2002) ие болған, «Түркістанға – 1500 жыл» айдарымен өткен халықаралық әдеби конкурстың жүлдегері атанған.
Өндірістегі және шығармашылық жолындағы еңбегі үшін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі (1984) мен Ұлытау ауданының Құрметті азаматы (2001) атағын алған.