Қуандық Түменбай | өмірбаяны

0

Қазақ жазушы, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері (1999) Қуандық Түменбай 1955 жылдың 22 тамызында Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ыбырай Жақаев атындағы ауылында дүниеге келген. 1977 жылы ҚазҰУ-ды, 1990 жылы Мәскеудегі Әдебиет инcтитуттын бітірген. 

1990 — 1998 жылдары арасында Лениншіл жас (қазіргі Жас алаш), Жетісу, Алматы ақшамы газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, бас редакторының орынбасары болып жұмыс істеген. Жалын, Жұлдыз журналында бөлім меңгерушісі, Қазақстан баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған. Қазір Алматы Халыкар. мамандыктар институтында окытушы. 

Түменбай Қайың сапты кетпен, Жүрдек поезд, Каникулды күткен қыз, Жігіттің Көктөбесі, Қанаты күйген қызғыш құс, Сотталған домбыра, Біздің үйдің солдаттары, Тұңғиық, Тіршілік планетасының тентектері, Қой мен қойшы (2004), Ар мен дар (2005), т.б. прозалық кітаптардың авторы. Шығармалары араб, орыс, неміс тілдеріне аударылған.