Қуандық Шолақов | өмірбаяны

0

Қуандық Шолақов 1941 жылы 20 қарашада Жамбыл облысы, бұрынғы Луговой (қазіргі Тұрар Рысқұлов) ауданына қарасты Жаңа тұрмыс ауылында дүниеге келген. 

1968 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының агрономия факультетін бітірген. Ұзақ жылдар сауда саласында қызмет атқарған.

Алғашқы өлеңдері мектеп қабырғасында жүргенде жазылған. 1982 жылы «Жалын» баспасынан «Ата жұрт», 1986 жылы «Кешіккен көктем» және 1989 жылы «Күзгі ырғақтар» жинағы жарық көрген. 1989 жылы «Жазушы» баспасынан «Көк сеңгір», 2001 жылы Тараз қаласындағы «Сенім» баспасынан бүлдіршіндерге арналған «Менің атам» жинағы шыққан. 

2007 жылы «Жамбыл» журналы сериясымен «Алуа» баспасынан «Қоңыр әуен» және 2009 жылы «Өнер» баспасынан «Қоңыр жел» кітабы жарық көрген. «Жас керуен», «Өлеңдер», «Алмалы Алматының жүрегіндей» сияқты ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген. Тұрар Рысқұлов ауданының Құрметті азаматы.