Қожабек Байұзақ Рахымұлы | өмірбаяны
Қожабек Байұзақ Рахымұлы — жазушы, аудармашы, өлкетанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі 1929 жылы Алматы облысында туған.
Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1947-1949 жылдары — «Коммунист» журналының қызметкері.
1949-1967 жылдары — Қазақ КСР Теледидар және радиохабарлары жөніндегі мемлекеттік комитетінің тілшісі, редакторы, Әдебиет-драматургия редакциясының бас редакторы, Қазақ теледидарының бас редакторы, коментаторы, «Қазақфильм» киностудиясының аға ғылыми редакторы.
1967-1968 жылдары — Қазақ КСР-інің Баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінің бөлім бастығы.
1968-1989 жылдары — Қазақ кеңес энциклопедиясының редакция меңгерушісі.
1992-2001 жылдары жеке меншік «Ататек» баспасының директоры қызметін атқарған.
Қаламгердің «Тарихи таным», «Қазақия», «Мұхаммед Хайдар Дулати», т.б. кітаптары жарық көрген. Көркем аударма саласында М.Кальманның «Бестерц қорғаны» романын, Ш.Уәлихановтың «Сот реформасы туралы жазбасын», С.Куриловтың «Тундрада кездесеміз» повесін, У.Теккерейдің «Күйкі тірліктің жәрмеңкесі» романын, Мұхаммед Бабырдың «Бабырнамасын» қазақ тіліне тәржімалаған.