Қазбек Құттымұратұлы | өмірбаяны
Қазбек Құттымұратұлы 1970 жылы Орал облысы, Тайпақ ауданы, Жаманқұдық ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі. Өлеңдері республикалық мерзімді басылымдарда, студенттердің «Толқыннан толқын туады» жинағында (1995), “Жас ақындар жырларының антологиясында” (2000) жарық көрген. 2001 жылы Батыс Қазақстан облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың демеушілігімен “Сағыныш” атты жеке жинағы Алматы қаласындағы “Өлке” баспасынан жарыққа шықты. Жергілікті мүшәйралардың бірнеше мәрте жүлдегері. 2004 жылы VII Халықаралық “Шабыт” шығармашыл жастар фестивалінде ІІ жүлдені иемденді. 2010 жылы «Ақ Жайық қаламгерлерінің кітапханасы» сериясымен Орал қаласында жарық көрген «Жас жүректер жырлайды» жинағына бір топ шығармасы енді.