Қауия Арысбайұлы | өмірбаяны

0

Қауия Арысбайұлы (1928–2003) Шыңжаң өлкесінің Көктоғай дейтін жерінде туған. 

1934 жылдан Монғолияда өмір кешіп, атажұртқа 1991 жылы көшіп келіп, орын тепті. Монғолия Жазушылар одағының аймақтық бөлімшесінде әдеби қызметкер. «Шұғыла» журналының жауапты хатшысы, радиода тілшіредактор, «Жаңа өмір» газетінде хатхабар бөлімінің меңгерушісі болып қызметтер атқарған.

«Жиекте» атты тарихи романы қазақ тілінде, «Нар эсен нутаг», «Шонийн усны шивгнээ» өлеңдер кітабы монғол тілінде басылды (Улан Батор. «Мемлекет баспасы»).