Қатира Жәленова | өмірбаяны
Қатира Сыздыққызы Жәленова 1951 жылы 22 сәуірде Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылында дүниеге келген. ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген (1973). 1973–1993 жылдары Қазақ радиосында редактор болып істеген. Қазір туған жері Сыр бойына қайта оралып, кәсіпкерлікпен айналысады.
Тұңғыш жинағы – «Кел, махаббат» 1978 жылы жарияланды. «Аңсаған менің әнімсің» (1981), «Ақ гүлдер» (1989) өлеңдер жинағы жарық көрді. Бір топ өлеңдері «Разбег» (1986) атты ұжымдық жинақта орыс тілінде басылып шықты. Тәжік ақыны Г.Сүлейменованың «Қырық бұрым» (1983) өлеңдер жинағын аударған.
1979 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық жас ақын-жазушылардың кеңесіне, Түрік дүниесі поэзиясы ІІ фестиваліне қатысқан. Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты, Абайдың 150 жылдығына арналған ақындар мүшәйрасының жүлдегері. Облыс әкімінің екі мәрте стипендианты.
«Айрықша қызметі үшін» медалімен, Қызылорда облысының мерекелік медалімен марапатталған.