Қашаф Туғанбаев | өмірбаяны

0

Қашаф Туғанбаев (1924–1993) 20 мамырда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданындағы Қайнар ауылында туған. 

Мектеп бітірген-нен кейін ауданда шығатын «Социалды шаруа» газетінде жауапты хатшы болып қызмет істейді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдарда Семей облыстық лекция бюросында лектор, облыстық «Екпінді» газетінде бөлім меңгерушісі, Абайдың мемориалдық мұражайында директор, Абай атындағы Семей облыстық театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болды.

Тұңғыш кітабы (лирикалық өлеңдер мен дастандар) «Партбилет» деген атпен 1958 жылы шыққан. Оның коллективтендіру тұсындағы ауыл өмірін бейнелеген «Қызыл Катран» пьесасы облыстық театр сахнасында жиі қойылған.

Шығармалары: Партбилет. Өлеңдер мен дастан. А., ҚМКӘБ, 1958; Бұлақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979.