Қаршыға Есімсейітова | өмірбаяны

0

Есімсейітова Қаршыға 1959 жылы 17 желтоқсанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданында «Қызылжарма» ауылдық округінің Коммунизм бөлімшесінде туған. 

1976 жылы Қызылорда қаласындағы № 43 мектепті бітіріп, сол жылы Шиелі ауданындағы «Өскен өңір» газетінде еңбек жолын бастаған. 

1982 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Қазақстан мектебі» журналында, Республикалық халық шығармашылығы орталығында, Қазақ радиосының балалар мен жастар редакциясында қызмет еткен. Қазір «Қазақстан – Қызылорда» телеарнасының редакторы. «Таңбалы тас», «Қорқыт», «Мұстафа Шоқай», «Сыр өңірінің тұлғалары» атты сериялы деректі фильмдердің авторы. Республика баспасөзінде өлеңдері 1978 жылы тұңғыш жарияланды. 

1986 жылы «Қарлығаш» ұжымдық жинағына өлеңдері енген. 

1994 жылы «Аңсаған атамекенім» атты кітабы жарық көрді. 

1997 жылы Журналистика саласындағы еңбегі үшін Журналистика академиясының «Алтын жұлдызын» иеленген. Облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған (2004).