Қанат Жойқынбеков | өмірбаяны
Қанат Жойқынбеков 1937 жылы 2 желтоқсанда Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Морозов ауылында дүниеге келген.
1961 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. «Жазушы» баспасында, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде жұмыс істеген. Кейін «Социалистік Қазақстанның» Целиноград облысындағы меншікті тілшісі болған.
«Махаббат әндері», «Азамат арманы», «Оралу», «Біздің ауылдың адамдары», «Замандастар», «Өз тағдырыңа қожа бол» атты прозалық кітаптардың, «Төрт бойдақ пен бір қыз», «Азамат болсаң» секілді пьесалардың авторы.