Қанафия Телжанов | өмірбаяны

0

Қанафия Телжанов — Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі, КСРО халық суретшісі, КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ КСР халық суретшісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ КСР өнерінің еңбегі сіңген қайраткері, профессор, бүгінде Өнер академиясында сабақ беріп жүрген қазақтың абыз суретшісі.

Қанапия Телжанов зиялы отбасында тәрбиеленген. Атасы Телжан көкірегі ояу, орысша-арабша білімі бар кісі ретінде ел есінде қалған екен. 1923-1924 жылдары Көкшетаудан он сегіз шақырым Қызылту ауылынан арнаулы төрт жылдық мектеп ашуға мұрындық болыпты. Әкесі Темірболат Петербург қаласынан политехникалық жоғары білім алған. Кейінде Орынбор мәслихатының мүшесі, Сібір өлкетану өңірінің «Кедейлер съезі» атты газеттің бас редакторы болады. Сонымен қатар, «Еңбекші қазақ» газетінде де редакторлық қызмет атқарады.

Қазақстан халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың Қанапия Телжанов туралы жазған қолжазбасына көз жіберіп көрейік. «XIX ғасырда Омбы қаласы мәдени орталықтың бірі болған. Темірболат Телжанов Омск қаласында көркемсурет техникалық училищесінде білім алған қазақ балалары М.Косшубаев, С.Сәрсенбаевқа көмек көрсеткен.