Қалқа Жапсарбаев | өмірбаяны
Жапсарбаев Қалқа (1886–1976) — Талдықорған облысы, Киров ауданы, Карл Маркс атындағы колхозда туған. Қосшылар одағында, аудандық ұжымшар, кеңшар театрында, мәдениүгіт бригадаларында жұмыс істеді (1938–1945), «Қалқаның әні», «Қалқаның желдірмесі», «Жайқоңыр» әндерін шығарды. Ертеректе Әжек, Құрама, Омарбек, Қайрақбай тәрізді ақындармен танысқан.
Ұлы Отан соғысының тұсы және одан кейінгі жылдарда Кенен, Үмбетәлі, Қуат, Есдәулет, Иманжан секілді замандастарымен өнер жарыстырды. Өлеңжырларымен қатар, «Орақ батыр», «Дана қыз», «Қарлығаш пен Дәуіт», «Тұрымбет туралы аңыз», «Партизан Шаймерден», «Мұсабек Сеңгірбаев» дастандары бар.
«Жайқоңыр» (1959), «Таңдамалылар» (1962), «Жетісу жырлары» (1970) жинақтарында топтастырылды. «Мұсабек батыр» дастаны 1951 жылы жеке кітап болып басылды.
«Құрмет Белгісі» орденімен (1945) марапатталған. 1961 жылы «Қазақ КСРінің халық ақыны» құрметті атағы берілген.