Қалмаханбет Мұқаметқали | өмірбаяны

0

Ақын Қалмаханбет Мұқаметқали Семей облысы, Шұбартау ауданы, Қосағаш ауылында 1975 жылы дүние есігін ашқан.

Республикалық Серік Томанов атындағы, Нұрлан Мәукенұлы атындағы, Жұмекен Нәжімеденов атындағы, Нұрмолда Алдабергенов атындағы және «Баянауыл басынан…» және «Аңыздар елі, абыздар елі Аякөз» атты жыр мүшәйраларының, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы, «Зерде» қоры өткізген мүшәйралардың жүлдегері.

Талдықорған қалалық газетінде бас редактордың орынбасары және республикалық «Алтын Орда» газетінде бас редактордың орынбасары, «Дала мен Қала» апталығында бөлім редакторы және «Қазақ әдебиеті» газетінің жас қаламгерлерге арналған «Жас қалам» қосымшасының редакторы болып еңбек еткен.

Соңғы жылдары «Дала мен Қала» апталығының Бас редакторының орынбасары болып жұмыс істеген.

«Гүл» лирикалық жинағы және балаларға арналған «Күлкі мен Түлкі» атты кітаптары жарық көрген.