Қайсар Жорабеков | өмірбаяны
Қайсар Жорабеков 1947 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауылында туған.
1963 жылдан 1964 жылға дейін «Коммунизм» кеңшарында жұмысшы болды. ҚазМУдің филология факультетін 1969 жылы тамамдаған.
1971 жылдан 1973 жылға дейін Шымкент политехникалық техникумында, 1974–1991 жж. Қазақстан Жазушылар одағында, 1991–1995 жж. халықаралық «Қазақ елі» газетінде, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында, 1997–2000 жж. «Дәнекер» халықаралық Құқық және бизнес институтында жауапты қызметтер атқарды. 2000 жылдан Қазақтың мәдениет және өнертану ғылымизерттеу институтында жұмыс істеуде.
Орыс жазушылары И.Буниннің, Д.Граниннің жекелеген әңгімелерін, В.Поволяевтің «Естеліктен ескен леп» жинағын, «Теңіз беті боз тұман» жинағындағы әңгімеповестерін, В.Протодьяковтің, С.Даниловтың (Саха Республикасы), Ата Каушутовтың (Түрікменстан) әңгімелерін, Прибалтика, Қырғыз, Татар, Башқұрт жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне, Ә.Ыдырысовтың «Таңшолпан» романын В.Буренковпен бірге 2001 жылы орыс тіліне аударған.
Он бестен астам кинофильмдер және бес пьеса тәржімалаған.