Қайрат Айтбаев | өмірбаяны

0

Күйші Қайрат Хамитұлы Айтбаев 1982 жылы Павлодар облысы Екібастұз ауданы Ақкөл-Жайылма ауылында дүниеге келген. Ақкөл-Жайылма ауылындағы 9 класстық орта мектепті бітірген соң Павлодар музыка колледжін тәмамдаған. 2001-2005 жылдары Астана қаласының Ұлттық музыка академиясында күйші Жанғали Жүзбайдың классында оқыған. 2007 жылы Англиядан, 2010 жылы Франциядан шықққан күй табаққа күйлері енген. 2008 жылы Тәттімбет атындағы үшінші Республикалық конкурстың Гран При иегері, лауреаты. 2011 жылы Күйші Жанғали, 2016 жылы Сыр сандық әндер анталогиясының құрастырушы редакторы. 2005 жылдан 2010 жылға дейін Павлодар музыка колледжінде ұстаздық етті. 2010 жылдан осы кезге дейін Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы.