Қайнар Олжай | өмірбаяны
Қайнар Қалиақпарұлы Олжай 1958 жылы 29 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында дүниеге келген. «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары, ТМД Журналистер Конфедерациясы сыйлығының лауреаты, ҚР Президенті грантының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
2006 жылдан «Қазақстан» РТРК АҚ Бас продюсері, Басқарма Төрағасының шығармашылық жөніндегі орынбасары, «Қазақстан» Ұлттық арнасының бас директоры болған. «Мың бір мақал», «Деген екен», «Солай болған», «Тіл», «Сөзмерген», «Ілік септігі», «Келбет» т.б бағдарламалардың, 15 сериялы тарихи-деректі «Бірінші» телефильмінің авторы. 2013 жылдың 29 мамырынан бастап «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 1994 жылы «Президент пырағы», 2007 жылы «Қара нары қазақтың», 2008 жылы «Атамыз — Аласанбай», 2010 жылы «Қанат байлаған қазақ» кітаптары жарыққа шықты.