Қадыр Тайшықов | өмірбаяны
Қадыр Тайшықов (1900–1937) Павлодар облысы, Баянауылда туған.
1926 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетіне түседі. 1928 жылы «Еңбекші қазақ», 1932 жылы «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінде әдеби қызметкер, 1933–1937 жж. Қазақ мемлекеттік баспасында редактор болған. «Мөлтең», «Бұйрас», «Қабсыңқа» деген лақап атпен жарияланған әңгімелері мен фельетондары бар. 1935 жылы «Күлмесек не?» атты сатиралық жинағы, 1936 жылы «Октябрь ұшқыны» атты кітабы жарық көрді.
Гогольдің «Өлі жандар», Фурмановтың «Чапаев», М.Кольцовтың «Иван Вадимович өз дәрежесіндегі кісі» атты роман, повестерін аударған.