Қадиша Оспанова | өмірбаяны
Қадиша Базарбайқызы Оспанова (1959 жылы туған) – медицина ғылым докторы (2003), профессор (2004). Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1982, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Осы институтта ассистент, аға оқытушы, доцент, (1989–1996), кафедра меңгерушісі (1997 жылдан), декан, профессор (1998–2006) қызметтерін атқарды. «Иммуномониторинг эффективности лечения хирургической инфекции» деген тақырыпта доктор диссертация қорғады. 80-нен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы