Петр Пак | өмірбаяны

0

Петр Пак Ир (1912–2001) 1 мамырда Қиыр Шығыс өлкесі, Янчихэ селосында туған. Мұғалімдер курсынан кейін 1930–1937 жж. ұстаздық ете жүріп, 1941 жылы Ленинградтың Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтын сырттай оқып бітірген. Ош, Озген, Фрунзе, Алматы қалаларында мектептерде, жоғарғы оқу орындарында сабақ берген. Аз уақыт Курск пединститутында кафедра доценті болған. 1968 жылдан Қазақ мемлекеттік университеті философия және логика тарихы кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты.

Көркем аударма жасаумен де шұғылданды. Корей және орыс тілдерінен аударды. Негізгі еңбектері: «Корейские шестистишие» (1956), корей өлеңдерінің жинағы – «Десэн сидиб» (1958), Пак Инно «Пятицветные облака» (1962), Ким Соволь «Цветок багульник» (М., 1962), «Песня над озером» (Лирика Средневековой Кореи (М., 1971), «Багульник в степи» (Қазақстан корей ақындарының өлеңдері, 1973), т.б.