Павел Мариковский | өмірбаяны
Павел Мариковский (1912–2008) 9 шілдеде Ресейдегі Хабаровск өлкесінің Вяземская стансасында туған. Қиыр Шығыс медициналық институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. КСРО Ғылым академиясының Қиыр Шығыс филиалында энтомолог боп істеген.
1946 жылдан бері Қазақ КСР ҒА-ның Зоология институтында лаборатория меңгерушісі болған. Профессор, биология ғылымдарының докторы. Көптеген ғылыми еңбектің, екі монографияның авторы. Ғылыми жұмыспен бірге, жазушылықпен айналысады. Ондаған еңбегі шыққан. Бірқатар кітабы Бүкілодақтық конкурста арнаулы жүлдеге ие болған. Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамоталарымен марапатталған.
Шығармалары: Мир шестиногих. А., ҚМКӘБ, 1952; Розовая долина. А., ҚМКӘБ, 1962; Муравей-амазонка. А., ҚМКӘБ, 1964; Охота за насекомами. А., «Мектеп», 1965; Маленькие труженики села. А., «Қайнар», 1969; Насекомые защищаются. А., «Қайнар», 1977.