Патигүл Сабитова | өмірбаяны

0
88

Патигүл Сабитова (1936–2009) 1936 жылы 29 желтоқсанда Құлжа қаласында (ҚХР) туған. Сегізінші сыныпты бітірген соң, екі жылдық курста оқыды, кейін Шыңжаң университетінде сабақ берді. 1955 жылы отбасымен Қазақстанға көшіп келген. 1960 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тамамдаған. Қазақ КСР ҒА-ның жанындағы Әдебиет және тіл институтының аспирантурасына түседі. 1965 жылы «Ұйғыр совет әдебиетіндегі жағымды кейіпкер образы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. ҚР ҰҒА-ның Шығыстану институты жанындағы ұйғыр орталығының аға ғылыми қызметкері болған.

Алғашқы өлеңдері 1957 жылы «Күрес әндері» деген жинақта шықты. Кейін «Жалын шабыты» (1958), «Жастар дауысы» (1961), «Біздің отрядтың балалары» (1965), «Менің арманым» (1967), орыс тіліндегі «Ұйғыр ақындарының дауысы» жинақтарына кірді. «Менің кішкентай достарым» атты балаларға арналған прозалық жинағы (1967), «Қамқоршы Хамза» (1969), «Біздің кластың балалары» (1970), «Кім айтыпты» (1972), «Қадырдың түстері» (1990) атты әңгімелер жинақтары, «Шаһадат» (1984) повестері, «Дәуір образы» (1975), «Зия Самади» деген монографиялары (1989) басылып шықты. Ұйғыр мектептерінің екінші және оныншы, он бірінші сынып оқушыларына арналған оқулықтардың авторы.

«Жүрегімде бір отым бар» атты өлеңдер жинағы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілген (2003). «Достық» орденімен марапатталған (1996).