Отыншы Көшбайұлы | өмірбаяны
Отыншы Көшбайұлы 1949 жылы Маңғыстау ауданында туған. Өлкетанушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ҚР оқу ағарту ісінің озық қызметкері. Ұзақ жылдар туған ауылы Жыңғылдыда колхозшы, тракторшы болып жұмыс жасады. Атырау педагогикалық институтының тарих-филология факультетін сырттай оқып бітіргеннен кейін мектепте мұғалім болды. Қазір облыстық тарихи-өлкетану мұражайында бөлім меңгерушісі. 2002 жылы «Қайран менің жеңешем», 2004 жылы Әділ Нұрмановпен бірігіп жазған «Бозашы-Маңғыстаудың екінші тынысы», 2005 жылы «Жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстау», «Маңғыстау ғашықтары», 2006 жылы Сұлтан Жұбаевпен бірігіп жазған «Отпанның Нұны», 2007 жылы «Атадан жеткен асыл тін», «Дала данасы», 2008 жылы «Сыбызғы сыңсып жылайды», «Маңғыстаудағы аңшылық дәстүр», 2010 жылы Мұрат Қалменовпен бірігіп жазған қазақ-орыс тілінде «Маңғыстаудың жерасты мешіттері», 2011 жылы «Тоғыз ауыл», «Шоғы батыр» кітаптары жарық көрген.