Өтежан Нұрғалиев | өмірбаяны

0

Өтежан Нұрғалиев — 1938 жылы 15 тамызда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының «Ақжар» ұжымшарында дүниеге келген.

1964 жылы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1964 — 1968 жылдары Жарқала орта мектебінде мұғалім, 1968—1969 жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде тілші, 1969—1972 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, содан кейін «Жалын» баспасында редактор болып қызмет атқарған. Қазақ телевидениесінде жұмыс істеді. 2011 жылы 6 қаңтарда Алматы қаласында өмірден өтті.

Әдебиетке алпысыншы жылдары «Менің махаббатым» атты жыр жинағымен келген ақын өлеңдерінде жаңа бояу, тың үн, тосын мінез бар. Ақынның өзі де әдебиетке жаңбыр болып қүйып, нөсер болып төгіліп келді. Әдебиетке жаңа леп, жаңа тыныс қосылды. Ол көптеген кітаптардың авторы. Шығармалары: Менің махаббатым. Өлеңдер. «Жазушы», 1962; Ақ нөсер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Нөсерден кейін. Өлеңдер. А., «Жалын», 1971; Ай астында ақбоз үй. Өлеңдер. А., 1972; Қайыңды тоғай. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Таңдамалы. Өлеңдер мен балладалар. А., «Жазушы», 1976; Соғыстың соңғы жазы. Балладалар. 1-кітап. А., «Жалын», 1977; Соғыстың соңғы жазы. Балладалар. 2,3,4-кітаптар. А., «Жазушы», 1978, 1980, 1984; Тыныштық. Өлеңдер. А., 1987; Афина мектебі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1997. «Құрмет» орденімен марапатталған.