Оспанхан Әубәкіров | өмірбаяны

0

Оспанхан Әубәкіров (1934–1986) — 4 мамырда Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында туған. 

 

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тамамдаған. Мамандығы актер болғанымен, өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан. 

 

Ол республикалық газеттерде, «Ара» журналында қызмет істеген. Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлеңжыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен де айналысқан. Әзиз Несиннің «Ахиреттен келген хаттары», Бранислав Нушичтің «Менің өмірбаяным», Лао Шэнің «Мысықтар қаласын», Э.Рапкенің «Мюнхаузеннің хикаяларын» қазақ оқырмандарына ұсынған. 

 

1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді.

 

Шығармалары: Қоңырау. Суреткітапша. А., ҚМКӘБ, 1961; Бытбылдық. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962; Жасыратын не бар. Әзілсықақ, мысалдар. А., ҚМКӘБ, 1963; Қалтадағы қайық. Суреткітапша. «Жазушы», А., 1964; Күлемізау. Сатиралық өлеңдер. А., «Жазушы», 1967; Солақай. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Көктайғақ. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Сиқыр. Сықақ әңгімелер. А., «Жазушы». 1971; Сүзеген сөз. Сықақ өлеңдер, А., «Жазушы», 1973; Ымды білесіз бе? Сықақ әңгімелер, мысалдар. А., «Жалын», 1978; Жасыратын не бар? Таңдамалы. А., «Жазушы», 1979; Қағаз қалпақ. Өлеңдер, тақпақтар, сықақтар, ертегілер, жаңылтпаштар, жұмбақтар. А., «Жалын», 1983; Өзіміз білеміз. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1984..