Осман Асылы | өмірбаяны

0

Осман Асылы – 1941 жылы 13 тамыз күні Грузия, Ахалқалақ ауданы Хавет ауылында дүниеге келген. Ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымының кандидаты. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын, ҚазКСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының аспирантурасын бітірген. 1969-1993 жылдары — ҚазКСР Ғылым Академиясы Тіл білімі институтының аспиранты, кіші, аға ғылыми қызметкері. 1993-1997 жылдары — ҚР Тіл комитетінің, ҚР ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік комитетінің бөлім бастығы, басқарма бастығы. «Тұран» Әзірбайжан мәдени орталығының вице-президенті болды. 1997 жылдан зейнет демалысында. «Парасат», екінші дәрежелі «Достық» ордендерімен марапатталған.