Орынбек Беков | өмірбаяны

0
79

Орынбек Беков (1898–1937) – Семей губерниясында ауыл батырағының отбасында туған.

1903 жылы оның үй іші Спасск зауытына көшіп барады. Екі кластық училищені бітірген соң, 1912 жылы зауытта түрлі қара жұмыстар істейді. Ақпан революциясынан кейін зауыттың саяси өміріне белсене араласады. Совдеп төрағасының орынбасары, еңбек бюросының төрағасы болады.

1919–1922 жж. ревком төрағасы және жұмысшылар депутаттары Спасск зауыт советі мен БК (б)П Спасск аудандық комитетінің мүшесі, хатшысы қызметтерін атқарды.

1923 жылы Қарқаралы уездік милициясының бастығы, одан соң Семей губерниялық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі болады.

1925 жылы БК(б)П Өлкелік Комитетінің шешімі бойынша Еңбек халық комиссариаты аппаратына қызметке ауысады.

1928 жылы Алматыда шығатын «Тілші» газетінің редакторы, ал 30жылдары қазақ драма театрының директоры болды. Әңгімелері мен өлеңдері республикалық газеттер мен «Жаңа әдебиет» журналының беттерінде жарияланды.

1928 жылы «Ұлы істің игілігі үшін» атты публицистикалық мақалалары, 1931 жылы «Советбике» повесі жеке кітап болып шықты.

Шығармалары: Ұлы істің игілігі үшін. Публицистикалық мақалалар. А., ҚМКӘБ, 1928; Советбике. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1931.