Орынбай Жанайдаров | өмірбаяны
Жанайдаров Орынбай 1951 жылы 15 сәуірде Көкшетау облысы, Кенесары ауылында туған. Көкшетау педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп, ауыл мектебінде мұғалім, аудандық газет редакциясында әдеби қызметкер болып істеген. «Жазушы», «Жалын» баспаларында редактор, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болған. Қазір «Простор» журналы Бас редакторының орынбасары.
Өлеңдері алғаш рет 1968 жылы жарияланды. Орыс тілінде жазады. Топтама жырлары «Откровение», «Целинный меридиан», «Пусть не гаснет солнце», «Байконур» атты ұжымдық жинақтарға енді.
Өскемендегі, Көкшетаудағы орыс театрларында «О скитаниях вечных» (1992), «Оқжетпес» (1994), «Полет ночной бабочки» (2004) сияқты драмалық шығармалары қойылып жүр.
К.Әзірбаевтың, М.Мақатаевтың, И.Оразбаевтың, Ж.Жақыпбаевтың, Т.Медетбековтің, М.Жұмағалиевтің шығармаларын орысшалаған. XV—XІX ғасырдағы қазақ жыраулары Асанқайғының, Қазтуғанның, Шалкиіздің, Доспанбеттің, Махамбеттің, Бұқар жыраудың жыртолғауларын орыс тіліне аударып, жеке кітап етіп шығарды. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2000). Журналистер мен кино қызметкерлері Ассоциациясының «Эдельвейс» сыйлығына, Абай туралы жазылған пьесасы үшін Мәдениет министрлігінің сыйлығына ие болған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.
Шығармалары: Ночной поезд. Өлеңдер. А., «Жалын», 1982; Шел степью человек. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985. «Дорога на Тенгиз», «Жазушы», 1989; Млечный путь. «Жазушы», 1991; Озера степные. «Ғылым», 1999; Тысяча окон в степь. «Елорда», 2001; Моя страна – Казахстан. Энциклопедия для детей.»Балауса», 2002; Сны на рассвете. «Раритет», 2003; Религия и мифология древних тюрков. 2004; День Независимости или комментарии к Томасу Джефферсону. 2004; Мифы древнего Казахстана. 2005; Легенды древнего Казахстана. 2006; Иллюстрированная история Казахстана с древнейших времен до наших дней. В четырех томах (2001–2006).