Орынбай Тайманов | өмірбаяны

0

Орынбай Тайманов (1884–1946) бұрынғы Шымкент облысының Ленин ауданында туған. Жастайынан ақындық өнерді серік етіп ел аралаған, өлең-жыр айтып, айтысқа түскен. 

Ноғайлы дәуірінің батыры Жәнібектің жорықтарын баяндайтын «Жәнібек батыр» дастанын шығарған. Ұлы Отан соғысы кезінде патриоттық шығармалар тудырған. Өлең, толғаулары «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан» газеттерінде жиі жарияланып тұрды. П.Кузнецов аударған «Домбыра» атты жыры «Правда» (1936 жыл, 18 мамырда) газетінде басылған. Республикалық ақындар айтысында (1943) қызылордалық Әлібек Байкеновпен айтысқа түскен. Өлең-жырлары халық ақындары жинақтарына енген.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамоталарымен (1939,1944), «Еңбектегі ерлігі үшін» (1945), «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі қажырлы еңбегі үшін» (1946) медальдарымен марапатталған.