Оразбек Бодықов | өмірбаяны
Оразбек Бодықов (1927–1997) — 29 наурызда Қызылорда облысының Шиелі ауданында туған. Еңбек жолын республикалық жастар газетінен бастаған. Кейін «Қазақ әдебиеті», «Казахстанская правда» газеттерінде, Республикалық қуыршақ театрында, Қазақ радиосында жауапты қызметтер атқарған. Шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде жазған.
Алғашқы әңгімесі 1950 жылы «Жас аңшы» деген атпен «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында жарияланды. Одан бергі уақыт аралығында «Қанат аспанда қатаяды», «Ақ құс», «Өмір жолдары», «Жұрт туралы жыр», «Шәмші Қалдаяқов» атты романповестері, «Отырар ертең қирайды», «Қорқыт», «Жекпежек», «Жүрегімнен сұраңдар», «Мұқағали Мақатаевтың соңғы әні» атты драмалық шығармалары жарық көрген. А.Тоқмағамбетовтің «Әке мен бала» романын орыс тіліне, В.Смирнова -Ракатаның «Авиценна» романын қазақшаға аударған.