Оңдасын Елубай | өмірбаяны

0

Елубай Оңдасын 1950 жылы 22 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының Саржыра ауылында туған. 

1967 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы мектепинтернатты бітірген соң, бір жыл облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде корректор болып жұмыс істеген. 

1973 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 1986 жылы Алматы Жоғары партия мектебін тамамдаған.

1973 жылы облыстық «Дидар» газетінде, облыстық радио және телекомитетінде редактор, тілші, бөлім меңгерушісі болған. 1990 жылдан бері «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі болып қызмет атқарады.

«Алтайым – алтын тамырым», «Аялайық Алтайды», «Жүрегімде жастықтың ізі қалды», «Шымыр келер Шығыстың ұлқыздары», «Жанарымда – жасыл құрлық», «ПарижСидней – саңлақтар саңлауы», «Азиатский аккорд мирового футбола», «На земле древней Эллады», «Уроки Турина», «Турин тағлымы» сияқты бірнеше жинақтар мен кітаптардың авторы. 

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері және Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен, «Қазақстан спортына сіңірген еңбегі үшін» Құрмет белгісімен марапатталған. Зайсан ауданының Құрметті азаматы.