Өмірзақ Қожамұратов | өмірбаяны

0

Өмірзақ Қожамұратов – 1936 жылы 6 наурызда Өзбекстанның Бұқара облысы, Тамды ауданында дүниеге келген. Алғаш еңбек жолын мектеп мұғалімі, аудандық ерікті спорт қоғамының төрағалығынан бастап, аудандық газеттерде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. Қызылорда қаласында Халық шығармашылығы үйінің әдіскер маманы қызметін атқарды. Елуінші жылдардың аяғында аудандық, облыстық, республикалық мерзімді баспасөз беттерінде өлеңдері жарық көре бастаған. Орыс дойбысы бойынша құрметті дипломант, көптеген аймақтық бүкілодақтық (Одесса, Вильнюс, Бұқара, т.б.) жарыстардың жүлдегері. «Жазушы», «Жалын» баспаларынан жарыққа шығарған «Жиделі Байсын» (1966), «Таңғы дауыс» (1971), «Жол аяқталмайды»(1981), «Ой кешу»(1989), «Күн астында – құдірет» (1998), «Суреттегі жұмбақтар» (1998) жыр жинақтары жарық көрді. Өзбекстанның қазіргі Науаи облысы, Үшқұдық қаласының №4 қазақ орта мектебіне Өмірзақ Қожамұратов есімі берілген.