Өмірзақ Айтбайұлы | өмірбаяны

0
137

Өмірзақ Айтбаев 1936 жылы 5 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында дүниеге келген. Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.

1959-1962 жылдары – «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері. 1962-1999 жылдары – Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, аға, бас ғылыми қызметкер. 1995-1996 жылдары – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикақ институтының профессоры. 1997-1998 жылдары – Қ.А.Яссауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры. 1999 жылдан – «Қайнар» университетінің қазақ тілі және әдебиет факультетінің, филология факультетінің деканы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл білімі институтының Терминологиялық орталықтың директоры қызметтерін атқарған.

1989 жылдан – «Қазақ тілі» халықаралық қоғамның вице-президенті, 1996 жылдан – бірінші президенті, 2004 жылдан – президенті.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.