Өмірзақ Айтбайұлы | өмірбаяны

0

Өмірзақ Айтбаев 1936 жылы 5 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында дүниеге келген. Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.

1959-1962 жылдары — «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері. 1962-1999 жылдары — Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, аға, бас ғылыми қызметкер. 1995-1996 жылдары — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикақ институтының профессоры. 1997-1998 жылдары — Қ.А.Яссауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры. 1999 жылдан — «Қайнар» университетінің қазақ тілі және әдебиет факультетінің, филология факультетінің деканы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл білімі институтының Терминологиялық орталықтың директоры қызметтерін атқарған.

 

1989 жылдан — «Қазақ тілі» халықаралық қоғамның вице-президенті, 1996 жылдан — бірінші президенті, 2004 жылдан — президенті.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.