Өмірбек Боранбаев | өмірбаяны

0

Өмірбек Боранбаев (1950 ж. т.), жазушы, драматург, актер. 1950 жылы 15 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл селосында туған. 1973 жылы Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік өнер институтының театр факультетін бітірген. Содан соң Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінде, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде жауапты қызметтер атқарыл, 1985 — 1995 жылдары Республикалық эстрада-цирк училищесінің директоры болды. 1978 жылы «Жалын» баспасынан «Өрімтал» атты әңгімелер жинағы жарық көрді.

Драматург ретінде «Оң жамбас…» (комедия), «Дымың ішіңде болсын» (комедия), «Бәрінен күшті — қорқақ көжек» (ертегі), «Хан ием, Айкүн мен Тазша бала» (музыкалы қойылым), «Қаңбақ шал» (ертегі), «Сотанайдың соңғы үйленуі» (водевиль), «Біздің ауылдың көктемі» (драма), «Шәукен» (комедия), «Көк бөрі» (мистикалық драма), «Дүние жалған» (фарс) сияқты екі актілі пьесалар жазған. Бүл шығармалардың барлығы республика театрларында сахналанған. Шығармалары: прозасы «Өрімтал» әңгімелер жинағы (1978); пьесалары: «Дымың ішінде болсын», «Оң жамбас», «Бәрінен күшті қорқақ көжек», «Сотанайдың соңғы үйленуі», «Хан ием», «Айкүн және Тазша бала», «Барға барсаң, байқап бар»т. б. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» спектаклінде Жапалдың, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» драмасында Жантық рөлдерінде, Б. Майлиннің «Жалбыр» спектаклінде қосалқы рөлде, Әуезовтің«Қарагөзінде» билер сахнасында ойнады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық «Астана-Бәйтерек» конкурстарының лауреаты (20032007), Орта Азия жаңа пьесалары фестивалінің Сертификат иегері (2006), Қазақстан Республикасының мемлекеттік грант иегері (2007), Қазақстан авторлар қоғамының драматургия саласының лауреаты (2008).